РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН КІТАП КӨРМЕСІ
Сағи Жиенбаев атындағы облыстық кітапханада Республика күніне орай кітап көрмесі ұйымдастырылды. Қазақстанның тарихы, тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері, ұлттық құндылықтары мен ел дамуына үлес қосқан тұлғалар туралы кітаптар қойылды. Оқырмандар ұсынылған әдебиеттер арқылы еліміздің қалыптасу тарихы мен мемлекеттіліктің маңызы туралы мағлұмат ала алады. Мәдени-ағартушылық шара ұлттық мерекенің мәнін түсіндіріп, жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыруға және кітап оқуға деген қызығушылықты арттыруға бағытталған.