Негізгі Жаңалықтар ӨҢІР БАСШЫСЫ БӘКІР ТӘЖІБАЕВТЫҢ ҰРПАҚТАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

ӨҢІР БАСШЫСЫ БӘКІР ТӘЖІБАЕВТЫҢ ҰРПАҚТАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Облыс әкімі Асхат Шахаров қазақтың көрнекті ақыны, сазгері әрі драматургі Бәкір Тәжібаевтың 100 жылдық мерейтойы аясында өңірге келген ақынның ұрпақтары мен туған-туыстарын қабылдады. Басқосуда аймақ басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бәкір Тәжібаевтың ұлттық мәдениет пен руханиятты дамытудағы еңбегіне жоғары баға бергенін айтты. Ақынның шығармашылық мұрасы халықтың рухани қазынасы екенін, оның өлеңдері, әндері мен драмалық шығармалары кейінгі ұрпаққа үлгі болып, ұлттық өнердің дамуына қызмет ете беретінін жеткізді. Өз кезегінде қонақтар ғасыр той иесінің мұрасын құрметтеу және оның шығармашылығын насихаттауға көрсетіліп отырған қолдаудың маңызын сөз етіп, алғыстарын білдірді. Шара соңында аймақ басшысы Бәкір Тәжібаевтың есімін ұлықтауға үлес қосып жүрген ақын, композитор, әнші Орал-Қосай Бәйсеңгірді «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапаттады. 


Бөлісу