ОБЛЫС ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ
Ақтөбеде облыс әкімі тұрғындардың өтініштерін тыңдап, әлеуметтік және тұрғын үй мәселелерін қарады. Қабылдауға көпбалалы аналар, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар және әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтар қатысты. Олар тұрғын үй алу, апатты баспаналарға қатысты көмек көрсету, сондай-ақ әлеуметтік мәселелерді шешу жөнінде өтініш білдірді. Бұдан бөлек, ауыз сумен қамту, коммуналдық қызметтердің жұмысы және заңсыз салынған құрылыс нысандарына қатысты шағымдар айтылды. Кездесу барысында бірқатар мәселе бойынша түсініктеме беріліп, қосымша зерделеуді қажет ететін өтініштер жөнінде жауапты басқарма басшылары мен мекеме жетекшілеріне нақты тапсырмалар жүктелді.