САНДАР СӨЙЛЕСІН...
Облыс халқының саны 958 мыңға жетті. Тұрғындардың 30 пайызын жастар, 62 процентін еңбекке қабілетті азаматтар, небәрі 8 пайызын қарттар құрайды. Бұл ресми статистика. Ал ақтөбеліктердің орташа жалақысы 440 мың теңге. Оның жартысынан астамын азық-түлікке жұмсайды. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін сандармен өлшейтін ұлттық статистика бюросының қорытындысы жайында тілшіміз тарқатып айтсын.