АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫНЫҢ САНЫ АРТТЫ
Қобда ауданында ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің мерекесі кең көлемде аталып өтті. Киіз үйлер тігіліп, этноауыл құрылды. Жергілікті мекемелер өз жетістіктерін таныстырды. Ал ұлттық спорт түрлерінен өткен сайыстар думанды шараның көркін қыздырды. Ат бәйгесі де көпшіліктің ерекше ықыласын тудырды.