ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САРАПШЫ: АСТАНА - КЕЛЕСІ ДУБАЙ НЕМЕСЕ СИНГАПУР
Астана болашақта Дубай немесе Сингапур секілді жаһандық орталыққа айналуы мүмкін. Мұндай пікірді америкалық IT-стратег, Койнбеис криптобиржасының бұрынғы технологиялық директоры Баладжи СринИвасан Сингапурде өткен халықаралық конференцияда айтты. Оның сөзінше, Қазақстанның бас қаласы көрікті сәулетімен, тазалығымен және абаттандырылған келбетімен ерекшеленеді. Халықаралық конференцияға офлайн форматта 3,5 мыңға жуық адам қатысты. Олардың қатарында Этриум экожүйесінің негізін қалаушы, Бинанс криптоплатформасының басшылығы және Поличейн КэпитЛ венчурлық қорының өкілдері болды.