ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІ ҰЛЫҚТАҒАН БАЙҚАУ
Хромтау ауданында "Күй күмбірі" атты жастар арасындағы дәстүрлі байқау өтті. Дина Нұрпейісованың 165 жылдығына және күй өнерін қадір тұтқан Ермекбай Беркімбаевтың рухына арналған өнер додасына үш облыстан 14 күйші қатысты. Қатысушылар ұлттық өнердің құдіретін домбыраның үнімен жеткізіп, шеберліктерін ортаға салды.