АУЫЛДАРДЫ КЕШЕНДІ ДАМЫТУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ
Ауылдық елді мекендерді кешенді дамытуға Алға ауданында айрықша мән беріліп отыр. Мәселен, Бесқоспа ауылында бұрын-соңды асфальт төселмеген төрт бірдей көшеге тас жол төселді. Ал алдағы жоспардың бірі – ауылға кіреберіс жолды жаңарту. Сонымен қатар, елді мекендерде шаруа қожалықтары табысты жұмыс істеп, инвестиция тарту бағытында да жүйелі жұмыстар жүргізілуде.