ӨҢІРДЕ АЛҒАШ РЕТ КЕЗБЕ ЖҮЙКЕ НЕЙРОСТИМУЛЯТОРЫ ИМПЛАНТАЦИЯЛАНДЫ
Өңірде Ұлттық нейрохирургия орталығының білікті дәрігерлерімен бірлесіп, күрделі оталар өткізіліп жатыр. Өзара тәжірибе алмасу бағытында жолға қойылған әріптестік негізінде тоғыз ота жасалады. Оның ішінде алғаш рет эпилепсияға шалдыққан науқасқа хирургиялық ем жүргізілді.