СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӘНЕ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Облыс әкімінің төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік комиссия мен Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияның бірлескен отырысы өтті. Жиында мемлекеттік және ведомстволық бағынысты ұйымдар қызметінің ашықтығын арттыру, тұрғындарды апатты тұрғын үйлерден көшіру жұмыстары, сондай-ақ 2027 жылғы өрт қауіпті кезеңге дайындық мәселелері қаралды.