ӨНЕР ТЕҢІЗІНДЕГІ ТОЛҚЫНДАСТАР
Өнер мен өркениеттің ордасына айналған Нокин мәдениет үйі бес жылдық мерейтойын атап өтті. Айтулы күнге орай өнер ұжымы дәстүрлі есеп беру концертін ұйымдастырды. Мерекелік кеште өнерпаздар жыл бойы атқарған жұмыстарын қорытындылап, көрерменге көтеріңкі көңіл күй мен ерекше әсер сыйлады.