ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ
1941 жыл. Ел басына күн туған алмағайып кезең. Осы жылы Ақтөбе өңірінде жасақталған 312-атқыштар дивизиясы майдан даласына аттанды. Оның құрамындағы жауынгерлер Отан қорғау жолында ерлік көрсетті. Ұлы Отан соғысы жылдарында жасақталған 312-атқыштар дивизиясының құрылғанына 85 жыл толды. Әлия Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінде майдан даласында ерлік көрсеткен жауынгерлердің есімін ұлықтауға арналған іс-шара өтті. Жиынға батырлардың ұрпақтары, қоғам өкілдері мен студенттер қатысты.