АСТАНА ОПЕРА ҰСЫНАДЫ
Шығармашылық академиясында «Астана Опера ұсынады» атты музыкалық кеш өтті. Елорда театрының өнерпаздары жас көрермендерге әлемдік опера классикасының жауһарлары мен қазақстандық композиторлардың шығармаларын ұсынды. Салтанатты шара ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен ERG компаниясының қолдауымен ұйымдастырылды.