5 ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ БІРІНШІ ҚАБАТЫНДАҒЫ КАФЕДЕ ЖАРЫЛЫС БОЛДЫ
Қалада бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы кафеде газ-ауа қоспасының жарылысы болды. Оқиға салдарынан кафенің жапсарлас салынған құрылымы опырылып, артынша өрт шықты. Сондай-ақ тұрғын үйдің терезе құрылымдары зақымданған. Абырой болғанда, қаза тапқандар жоқ. Дегенмен, 2 адам зардап шегіп, жедел жәрдем бригадасымен ауруханаға жеткізілді. Төтенше жағдайды жою жұмыстарына 45 жеке құрам қызметкері мен 10 техника жұмылдырылды.