АУДАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
Темір ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінде оң динамика бар. Жыл басынан бері аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейі 100 пайызға жеткен. Қазіргі уақытта аудан құрамындағы 24 елді-мекеннің 17-сіне көгілдір отын берілген. Ауданның тоғыз айдағы жұмыс көрсеткіші өңірлік коммуникациялар алаңында айтылды.