АБАТТАНДЫРУ ҚАҒИДАЛАРЫН БҰЗУШЫЛАР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ
Қалада абаттандыру қағидаларын бұзушылар саны азаймай отыр. Қараша айы басталғалы, осындай абаттандыру қағидаларын елемеген қаланың бірнеше тұрғыны әкімшілік жауапқа тартылды. Мысалы, 12-мөлтек ауданның тұрғыны тақтайша түріндегі тұрмыстық қалдықты қоқыс жәшігінің қасында қалдырған. Тағы бір қала тұрғыны үйінен қоқысты көлігіне тиеп әкеп, қоқыс жәшігінің қасына үйген. Бейнебақылау камераларының көмегімен полиция барлық құқық бұзушыларды анықтады. Кінәлі тұлғалардың барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, олармен тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.