АУЫЛ АМАНАТЫ: НЕСИЕ АЛЫП, ОТБАСЫЛЫҚ КАФЕ АШТЫ
"Ауыл аманаты" бағдарламасы аясында кәсіп ашып, өз ісін өрге дөңгелетіп отырғандар бар. Өңірге қарасты барлық ауданда бағдарлама сәтті жүзеге асып келеді. Мәселен, Мәртөк ауданында тұрғындар үшін жаңа дәмхана ашылды. Мұнда Шығыс және Еуропа асханаларының тағамдары ұсынылады.