"AKTOBE JAZZ" ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ
Қалада "Aktobe Jazz" джаз музыкасы халықаралық фестивалі аясында музыкалық апталық басталды. Бағдарлама бүгін Қалалық мәдениет сарайында ән байқауымен шымылдығын түрді. Алдағы бес күн бойы жез таңдай әншілер өзара бақ сынасып, өнерлерін ортаға салады.