МЕНІҢ АТАУЛЫ АҒАШЫМ
Қалада «Асыл Мирас» аутизмі бар балаларды қолдау орталығының ауласына 50 түп ағаш отырғызылды. «Менің атаулы ағашым» акциясына жасыл ел еңбек жасағының сарбаздары мен колледж білім алушылары және орталық қызметкерлері атсалысты. Мақсат - айналаны көгалдандыру, жастардың табиғатқа деген жанашырлық сезімін ояту. Игі бастама алдағы уақытта да жалғасын таппақ.