КІТАПХАНАШЫЛАР ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ
"Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері" атты Мемлекет басшысының Жолдауы жан жақты талқыланып жатыр. Кітапханашылар экономиканы жаппай цифрландыру, жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін барлық салада кеңінен қолдану тақырыбында пікір алмасты. С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана қызметкерлері оқырман талабына сай цифрландыру үдерісіне ілесіп келе жатқан ұжым. Сондықтан, Жолдауда көрсетілген бұл бағыт оқырманның цифрлық сауаттылығын арттырып, заманауи мүмкіндіктерге жол ашады деген сенімде.