ЕСІРТКІ САУДАЛАҒАН ИНТЕРНЕТ-ДҮКЕННІҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ТОСҚАУЫЛ ҚОЙЫЛДЫ
Өңірде есірткі сататын интернет-дүкеннің жұмысын қамтамасыз еткен заңсыз жүйе әшкереленді. Қаржылық мониторинг агенттігінің облыстық департаменті қылмыстық схеманың жолын кесті. Тергеу деректеріне сүйенсек, Ақтөбе қаласының тұрғыны Telegram мессенджерінде арнайы айырбастау тобын құрған. Заңсыз қаржы айналымының үздіксіз жүруі үшін ол тағы жеті адамды іске тартқан. Олар төлемдерді қабылдап, өңдеумен айналысып отырған. Тіпті, заңсыз жүйеде операторлардың күндізгі және түнгі ауысыммен жұмыс істеуі де ұйымдастырылған.