Негізгі Жаңалықтар ХРОМТАУ АУДАНЫНДА МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫН ТҮСІНДІРУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

ХРОМТАУ АУДАНЫНДА МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫН ТҮСІНДІРУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Ерболат Қожықов пен Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Гүлқасима Сүйінтаева Хромтау ауданына арнайы жұмыс сапарымен барып, Жолдаудың негізгі бағыттарын түсіндіру мақсатында екі кездесу өткізді. Алғашқы кездесу ауданның коммуналдық қызмет саласының өкілдерімен ұйымдастырылды. Онда елді мекендерді абаттандыру, қоршаған ортаны қорғау, жасыл желектерді күтіп-баптау, тұрмыстық қалдықтарды басқару және «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасын жүйелі жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Кейін аудан әкімдігінде қоғам өкілдерімен де кездесті. Жиында Жолдауда белгіленген ел дамуының басым бағыттары, халықтың өмір сүру сапасын арттыру, әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту және рухани құндылықтарды дәріптеу мәселелері сөз болды. 

Бөлісу