Негізгі Жаңалықтар АЛҒАДА №2 БАЛАЛАР-ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТ МЕКТЕБІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

АЛҒАДА №2 БАЛАЛАР-ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТ МЕКТЕБІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Алға қаласында №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі толыққанды іске қосылды. Жаңа спорт нысанында жүзу үйірмесіне 150 бала қабылданды. Олар жас ерекшеліктеріне қарай бөлініп, бекітілген сабақ кестесі бойынша шынығады. Сондай-ақ, оқушылар екі ауысымда қамтылған. Айта кетейік, жаңа спорт нысаны Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған бұқаралық спортты дамыту, балалардың спорттық қабілетін шыңдау және өскелең ұрпақтың салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі міндеттерді жүзеге асыруға өз үлесін қоспақ.


Бөлісу