ЖАСТАРҒА ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
Мемлекет басшысының Жолдауында білім беру жүйесінің сапасын жетілдіру, оқу орындарының әлеуетін арттыру және заманауи талаптарға сай білікті мамандар даярлау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бүгін өңірдің белсенді жастары бас қосып, оларға Президент Жолдауының басым бағыттары түсіндірілді. Кездесуде білім беру бағдарламаларын еңбек нарығының сұранысына бейімдеу, жастардың практикалық дағдыларын дамыту және кәсіби білімнің қолжетімділігін кеңейту бағыттары сөз болды. Қатысушылар көкейтесті сұрақтарын қойып, өзекті тақырыптар төңірегінде өз ұсыныстарын ортаға салды.