ЖОЛДАУ - ЖАСТАРДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІНЕ ЖОЛ АШАДЫ
Өңірге жұмыс сапарымен келген Құрылтай депутаттары Жолдауда айтылған мақсат-міндеттерді жалпақ жұртқа кеңінен түсіндірді. Бүгін құрамында Халық кеңесінің өкілдері бар топ облыстағы іргелі оқу орнының ұжымымен және аймақ кәсіпкерлерімен жүздесті. Онда Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген міндеттер, ел экономикасын дамыту, өндіріс пен инвестицияны өрістету мәселелері талқыланды.