ОБЛЫС ӘКІМІ ТҮРІК КОМПАНИЯЛАРЫМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ
Аймақ басшысы B.ERGÜNLER, OYTAŞ компаниялары мен «Omer-S» ЖШС өкілдерімен кездесті. Тараптар жол құрылысы, инженерлік инфрақұрылымды дамыту және өнеркәсіптік жобаларды іске асыру салаларындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Кездесу барысында компания өкілдері өздерінің тәжірибесі мен мүмкіндіктерін таныстырды. Атап айтқанда, компаниялардың мердігерлік жұмыстарға қатысуы, мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері қаралды. Сонымен қатар, Асхат Шахаров облыстың инфрақұрылымдық әрі өнеркәсіптік әлеуетін дамытуға халықаралық тәжірибесі мол компанияларды тартудың маңыздылығын атап өтті.