УНИВЕРСИТЕТ ҰЖЫМЫ "КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ" МАРАФОНЫНА ҚОСЫЛДЫ
Бәйішев университетінде кітап оқуды насихаттауға, оқу мәдениетін қалыптастыруға және рухани-танымдық құндылықтарды дәріптеуге арналған кездесу өтті. Іс-шара республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафоны аясында ұйымдастырылды. Интеллектуалдық басқосуға студенттер, профессор-оқытушылар құрамы мен университеттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты. Мақсат - көркем және ғылыми әдебиет оқуды тұрақты дағдыға айналдырып, университет қауымдастығының күнделікті өміріне енгізу. Кездесу барысында жоба тізіміне енген бес кітап талқыланды. Шарт бойынша қатысушылар таңдаған шығармаларын алдын ала оқып, жиында мазмұны мен маңызы туралы баяндады.