Негізгі Жаңалықтар ОБЛЫС ӘКІМІ ХОРВАТИЯ ЕЛШІСІН ҚАБЫЛДАДЫ  

ОБЛЫС ӘКІМІ ХОРВАТИЯ ЕЛШІСІН ҚАБЫЛДАДЫ  

Облыс әкімі Хорватия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рефик Шабанович бастаған делегацияны қабылдады. Басқосу барысында Қазақстан мен Хорватия арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстардың қазіргі жай-күйі мен даму перспективалары қаралды. Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың оң серпінін атап өтіп, өзара тиімді әріптестікті кеңейту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады. 2026 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша Ақтөбе облысы мен Хорватия арасындағы тауар айналымы 2,2 млн АҚШ долларын құрады.


Бөлісу