ДӘЛ СТАТИСТИКА - ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ
Экономиканың жай-күйін бағамдау, түрлі саладағы деректерді жинақтау, сараптап, нақты қорытынды жасау. Статистика маманына қойылатын талап осындай. Өйткені кез келген шешімнің негізінде дәл әрі дәйекті дерек жатуы керек. Кәсіби мереке қарсаңында түсірілім тобы осы салада 41 жыл еңбек еткен Раушан Балваниязовамен жүздесті. Тәжірибелі маман үшін статистика - жай ғана сандар жиынтығы емес, ел дамуының маңызды көрсеткіші.