АУЫЛ АМАНАТЫ: 2,5 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕГЕ 316 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ
Мұғалжар ауданында "Ауыл аманаты" жобасы басталғалы 2,5 млрд теңге қаржыға 316 жоба жүзеге асқан. Аудан тұрғындарының басым бөлігі шағын және орта кәсіпке бетбұрған. Аталмыш жобаның игілігін көріп отырған кәсіпкердің бірі, Жем қаласының тұрғыны - Сәуле Келімбердина.