Негізгі Жаңалықтар ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Облыстық тілдерді оқыту орталығында Президент Жолдауын түсіндіруге арналған ақпараттық кездесу ұйымдастырылды. Басқосу барысында биылғы Жолдауда айтылған маңызды бастамалар мен ел дамуына қатысты өзекті мәселелер сөз болды. Әсіресе, тәуелсіздікті нығайту, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту, жалақы көлемі және ауыз суды тиімді пайдалану мәселелеріне басымдық берілді. Мамандарға негізгі бағыттар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарына тұшымды жауап алды

Бөлісу