ОБЛЫС ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ
Аймақ басшысы азаматтарды жеке мәселелері бойынша онлайн форматта қабылдады. Онда өтініш иелері тұрғын үймен қамту, үлестік құрылыс нысандарының аяқталуы, жол инфрақұрылымы, электрмен жабдықтау және медициналық қызмет сапасына қатысты мәселелерді жеткізді. Көтерліген мәселе бойынша жауапты басқармалар мен мекемелердің өкілдеріне тиісті тапсырмалар берілді. Сонымен қатар, облыс әкімі көтерілген мәселелерді «Заң мен тәртіп» қағидатына сәйкес жан-жақты қарастырып, олардың шешілу жолдарын зерделеуді тапсырды.