PISA PANORAMA: НӘТИЖЕЛЕР, ҮРДІСТЕР, БОЛАШАҚ
Қ.Жұбанов атындағы өңірлік университетте «PISA Panorama: нәтижелер, үрдістер, болашақ» тақырыбында стратегиялық сессия өтті.
Шараны өткізудегі басты мақсаты – PISA-2025 халықаралық зерттеуінің нәтижелерін талдау, өңірдегі орта білім беру жүйесінің өзекті мәселелерін анықтау және білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған нақты ұсыныстар әзірлеу. Кездесу барысында жаратылыстану-ғылыми, математикалық және оқу сауаттылығы бағыттары бойынша нәтижелер, сондай-ақ білім алушылардың цифрлық ортада білім алу және практикалық міндеттерді шешу дағдылары талқыланды. Стратегиялық сессия екі негізгі бағытты қамтыды. Және әр бағыт бойынша секциялық жұмыстар үш топта ұйымдастырылды. Аталған шараға білім беру ұйымдарының басшылары, педагогтер, әдіскерлер, жоғары оқу орнының ғалымдары мен білім саласының сарапшылары қатысты.