ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН КОЛЛЕДЖДЕ ТАЛҚЫЛАУ
Алдағы 2027 жыл - Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы. Бүгін қала колледждерінің бірінде оқу ордасының ұжымы білім алушылармен бірге Президент Жолдауын талқылады. Ондағы маңызды бастамаларды тілге тиек етіп, басым бағыттарға тоқталды. Аталған жыл аясында өңірде атқарылатын ауқымды құрылыстар барысын сөз етті. Оқу ордасы тарапынан бұл бағытта қандай жоспарлы жұмыстарды атқаруға болатынын ақылдасты. Оқытушылық құрам және білім алушылар Жолдауды қолдай отырып, оның еліміздің келешек дамуы жолына жасалған - маңызды стратегиялық құжат екенін ашып айтты.