НҰРБОЛ ЖАУЫНБАЕВ «АЛТЫН ДОМБЫРА» АЙТЫСЫНА ЖОЛДАМА АЛДЫ
Өткен сенбіде қалада ел Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай аламан айтыс өтті. Ұлттық өнерді ұлықтаған республикалық додаға еліміздің әр өңірінен келген айтыскерлер қатысты. Сахна төрінде ақындар Конституциялық қағидаттар: «Әділетті Қазақстан», «Заң мен тәртіп», «Адал азамат», «Таза Қазақстанды» жырларына арқау етті. Ел бірлігі, қоғамдық жауапкершілік, ұлттық құндылықтар мен жасампаздық идеяларын ұмыт қалдырмады. Ал айтыс қорытындысы бойынша бас жүлдені облысымыздың ақтаңгер ақыны, телеарнамыздың тілшісі Нұрбол Жауынбаев жеңіп алды. Осылайша, әріптесіміз қомақты қаржылай сыйлықпен марапатталды. Әрі 4–5 желтоқсан аралығында елордада өтетін «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысына жолдама алды.