НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚ: БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
29 қарашада елімізде мәслихат депутаттарының сайлауы өтеді. Қазір саяси науқан аясында кандидаттар тұрғындармен кездесіп, сайлауалды бағдарламаларын таныстырып жүр. «Әділет» партиясынан Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаттығына ұсынылған үміткерлер медицина қызметкерлерімен жүздесті. Кездесуде №25 сайлау округінен кандидат Жаңалық Ахаш денсаулық сақтау саласының өкілдерімен пікір алмасып, өз бағдарламасының басым бағыттарын таныстырды.