Негізгі Жаңалықтар ҚҰДІРЕТТІ ҚАРА КҮШТІҢ АТАСЫ 

ҚҰДІРЕТТІ ҚАРА КҮШТІҢ АТАСЫ 

Қазақ тарихындағы тұңғыш кәсіпқой палуан, орасан күштің иесі Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына орай Сақтаған Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында танымдық кеш өтті. «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында ұйымдастырылған іс-шарада алып тұлғаның өмір жолы, спорттағы жетістіктері мен ел тарихындағы орны кеңінен насихатталды. Кездесуге ғалымдар, спортшылар, колледж оқытушылары мен студенттер қатысты. Жиын барысында тарихи деректер айтылып, бейнематериалдар көрсетілді. Сонымен қатар, палуанның өнегелі өміріне арналған кітап көрмесі ұйымдастырылып, қаламгердердің арнаулары оқылды. 

Бөлісу