Өмірде күтпеген қиындықтар әркімнің басынан өтуі мүмкін. Соның ішінде еңбекке қабілеттілігінен айырылған азаматтарға елімізде ұзақ мерзімді төлем қарастырылған. Бұл тұста сізге - Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры қолдау көрсете алады. Айталық, жұмыс барысында жазатайым оқиғаға ұшырап, денсаулығына зақым келген адамдарға арнайы төлем тағайындалады. Ол үшін азамат медициналық-әлеуметтік сараптамадан өтуі керек. Әрі қара қандай талаптар қойылады? Бұл туралы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының ресми өкілі Ерлан Мұқаннан сұрап білдік.