БАСПАНА - БАСТЫ БАЗЫНА
Баспана - халықтың басты базынасы. Пәтер алу, тұрғын үй кезегіне тұру, мемлекеттік бағдарламалар мен жеңілдіктерді пайдалану жөнінде жұртшылықтың көкейінде түрлі сауал бар. Осы сұрақтарға жауап беріп, тұрғындарға бағыт-бағдар көрсету мақсатында Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің облыстық департаменті «Қызмет алушылар күнін» ұйымдастырды. Іс-шара халық көп шоғырланатын ойын-сауық орталығында өтіп, оған мемлекеттік органдар өкілдері, «Отбасы банкі», тұрғын үй инспекциясы, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық-шаруашылық бөлімінің мамандары қатысты. Олар келушілерді жеке мәселелері бойынша қабылдап, қажетті кеңес берді.