ТУБЕРКУЛЕЗ ІНДЕТІН ЖОЮ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Облыс аумағында туберкулезбен ауыратын науқастарға ақшалай әлеуметтік көмек көрсетіледі. Нақтырақ айтсақ, бір адамға алты ай бойы 20 мың теңге көлемінде көмек беріледі. Алайда, бұл науқастың күнделікті тұрмыстық қажеттіліктерін өтеуге жетпейді. Бүгінгі жиынның мақсаты осы. Мәселені жеткілікт ідеңгейде тиісті орындарға жеткізу. Жиында "Стоп ТБ" серіктестігінің аймақтық бөлімшелері мен Фтизиопульмонологтар қауымдастығының филиалдарын дамыту, халықың осал топтарына баса назар аудару, есепте тұрған науқастарға медициналық әлеуметтік көмек көрсету мәселелері де қаралды.