ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАЛАЛАР КҮНІ
Бүгін - дүниежүзілік балалар күні. Мерекенің мәні — балғындардың құқықтарын қорғау, әл-ауқатын жақсарту және әр баланың қауіпсіз әрі бақытты ортада өсуіне жағдай жасау. Осы мақсатта өткен жылдың күзінен бері өңірде арнайы мемлекеттік ұйым құрылды. Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы білім беру, денсаулық сақтау органдарымен, полиция, прокуратурамен және басқа да жергілікті атқарушы органдармен бірлесе жұмыстар жүргізуде. 2026–2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы аясында аймақта 71 іс-шарадан тұратын өңірлік жоспар бекітілді.