МӘДЕНИЕТКЕ ЖАҢА МЕКЕН
Геолог мәдениет үйі жаңа ғимаратқа көшкелі отыр. Жыл соңына дейін өнер мен өнегенің ордасы заманауи талапқа сай салынған жаңа нысанға қоныс аударады. Бұл - шығармашылық ұжым мен өнерпаздар үшін көптен күткен жаңалық. Мәдениет ошағы жылды да толайым табыспен түйіндеп, атқарған жұмысына есеп берді.