ҚҰТҚАРУШЫЛАР ҚЫС МЕЗГІЛІНЕ ДАЙЫНДЫҒЫН КҮШЕЙТТІ
Өңірде қысқы маусымға дайындық жұмыстары күшейтілді. Төтенше жағдайлардың алдын алу үшін азаматтық қорғау күштері мен арнайы техникалар әзірленді. Қазір облыста 1800-ден астам адам және 753 техникадан тұратын топ жасақталды. Сонымен қатар сыйымдылығы 11 мыңнан астам адамды құрайтын 172 жылыту пункті және 7 мыңнан астам автотұрақ орны дайындалды. Былтыр қыста қолайсыз ауа райына байланысты облыс жолдарында көлік қозғалысына 259 рет шектеу енгізілген. Биыл мұндай жағдайларға жедел әрекет ету үшін 20 стационарлық және 17 тасымалды шлагбаум дайындалды. Облыстық жедел штаб тәулік бойы жұмыс істейді.