АҚТӨБЕДЕ ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ
Ақтөбеде алғаш рет қазақ күресінен ересектер арасында Қазақстан чемпионаты өтеді. Еліміздің ең үздік балуандары "Жекпе-жек" сарайында өтетін дүбірлі додада бақ сынайды. Қазақ күресінен ерлер мен әйелдер арасындағы ел біріншілігіне республиканың түкпір-түкпірінен 550 спортшы қатысады деп күтілуде. Біздің өңірдің намысын 41 балуан қорғайды. 4 күнге созылатын ауқымды жарыстың ашылу салтанаты ертең кешкі сағат 17:00- де өтеді. Чемпионаттың мақсаты – қазақ күресін дамыту, спортшылардың шеберлігін арттыру, елдің үздік балуандарын анықтау және 2027 жылға арналған ұлттық құраманы жасақтау, - дейді ұйымдастырушылар.