ҚҰНДАҚТЫҚЫРДАҒЫ ҚАЙТА БҰРҒЫЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ
Өңірде ауызсумен қамтудың тұрақтылығын арттыруға бағытталған маңызды жоба жүзеге асырылуда. Құндақтықыр жерасты су кен орнындағы істен шыққан жеті ұңғыманы қайта бұрғылау жұмыстары басталды. Жоба аясында су өндіру көлемін арттырып қана қоймай, су алу нысанының сенімділігін күшейту көзделген.