ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ ЕСКЕРМЕГЕН КӘСІПКЕР СОТТАЛДЫ
Экологиялық талаптарды елемей, заңсыз өндіріс ұйымдастырған кәсіпкер сотталды. Тергеу дерегіне сәйкес, ол 11 миллион литрден астам отын сатып, 778 миллион теңгеден аса табыс тапқан. Алайда өнімнің құрамында зиянды химиялық заттар болған. Заңсыз өндіріс үшін жауапқа тартылған азамат 3 жыл 9 айға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.