Негізгі Жаңалықтар АРДАГЕРЛЕР БАС ҚОСТЫ

АРДАГЕРЛЕР БАС ҚОСТЫ

Алуан салада еңбек етіп, өңір дамуына өзіндік үлес қосқан ардагерлер бас қосты. Мақсат - өткен күндерді еске алып, еңбек жолындағы естеліктерімен бөлісу. Жиынға әртүрлі салада еңбек еткен 120-ға жуық аға буын өкілдері қатысты. Бір дастарқан басында бас қосқан ардагерлер еңбек жолындағы қызықты сәттерді, әріптестерімен бірге өткізген жылдарды және өмірлеріндегі маңызды оқиғаларды еске алды. Жылы жүздесу үлкендердің өнегелі жолын дәріптеп, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға мүмкіндік берді. 

Бөлісу