Негізгі Жаңалықтар ЖОЛ САПАСЫНА ҚАТЫСТЫ БІРҚАТАР МІНДЕТ ҚОЙЫЛДЫ 

ЖОЛ САПАСЫНА ҚАТЫСТЫ БІРҚАТАР МІНДЕТ ҚОЙЫЛДЫ 

Өңірде Мемлекет басшысының автомобиль жолдарын салу және жол сапасына қатысты тапсырмалары аясында жиын өтті. Негізгі талап – орындалған жұмыстың көлеміне ғана емес, жолдардың сапасы мен ұзақ мерзімділігіне басымдық беру. Облыс әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев жол құрылысына қолданылатын битум мен қиыршық тастың сапасын бақылауды күшейту, техникалық қадағалау жұмысын жетілдіру, ауыр салмақты жүк көліктерінің қозғалысын бақылау және бюджет қаражатын тиімді пайдалану жөнінде нақты тапсырмалар берілді. 


Бөлісу