АУЫЛ ХАЛҚЫН ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТУ ДЕҢГЕЙІ 98,8 ПАЙЫЗДЫ ҚҰРАДЫ
Аймақта телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жалғасуда. Бүгінде өңірдегі 311 ауылдық елді мекеннің 298-і интернетпен қамтылған. Бұдан бөлек, мобильді байланыс сапасы төмен 68 учаскедегі мәселе де шешілген. Атқарылған жұмыстар барысы облыс әкімінің төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде қаралды.