Негізгі Жаңалықтар АУДАНДА ШАЙЫЛҒАН КӨПІРДІҢ ОРНЫНА ЖАҢАСЫ САЛЫНДЫ

АУДАНДА ШАЙЫЛҒАН КӨПІРДІҢ ОРНЫНА ЖАҢАСЫ САЛЫНДЫ

Байғанин ауданының Ащыағыр аумағында көктемгі су тасқыны кезінде бірнеше рет шайылып, тұрғындарға қиындық туғызған көпірдің орнына жаңасы салынды. Ол Оймауыт, Миялы және Баршақұм елді мекендерін байланыстырады. Соңғы үш жылда көктемгі су тасқыны салдарынан ескі көпір бірнеше рет шайылып, елді мекендер арасындағы көлік қатынасына кедергі келтірген. Бұл әсіресе тұрғындардың күнделікті қатынауына, әлеуметтік нысандарға жетуіне және қажетті қызметтерді алуына қиындық туғызған. Жергілікті халық тарапынан көтерілген мәселені шешу мақсатында бюджет қаражаты бөлініп, 2024 жылы жаңа көпірдің жобалық құжаттамасы әзірленсе, биыл құрылыс жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта жоспарлы жұмыстың негізгі бөлігі аяқталды. Нысан жақын күндері толықтай пайдалануға берілмек. 

Бөлісу